Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл, адам өлімі көбейді: Таиланд пен Камбоджа соғысы демалатын аймақтарға жетті

11:46, 27 шілде 2025 487

Таиланд пен Камбоджа шекарасында жалғасып жатқан әскери қақтығыстар жаңа оңтүстік бағытқа ойысып, туристік жағалауларға жақындады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Таиландтың Khaosod басылымы Бангкоктағы әскери дереккөздерге сүйене отырып, бастапқыда қақтығыстар солтүстікте, теңізден алыс аймақтарда басталғанын хабарлайды.

Алайда 25 шілде күні кешке қарай атыстар Таиландтың Трат және Чантхабури провинцияларына жеткен.

Бұл өңірлер Паттайядан шамамен 150 шақырым, ал Бангкоктан 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Шекараға жақын аудандарда әскери жағдай енгізілді.

Bangkok Post мәліметінше, 26 шілде күні таңертең Камбоджа әскерлері Трат провинциясындағы шекараны бұзып өтуге тырысқан.

Таиланд әскері бұл әрекетке тойтарыс беріп, қақтығысқа әскери-теңіз күштерінің кемелері тартылды.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Камбоджада 13 сарбаз қаза тауып, 71 адам жарақат алған.

Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

Таиландта dpa агенттігінің дерегі бойынша, 14 адам қаза тапқан, оның 13-і – бейбіт тұрғын. Жараланғандар саны 60-тан асты. Шекаралас өңірлерден шамамен 130 мың адам эвакуацияланды.

AFP екі елдегі қаза тапқандардың жалпы саны 33-ке жеткенін және бұл көрсеткіш 2011 жылғы Таиланд пен Камбоджа арасындағы соңғы ірі қақтығыстан асып түскенін мәлімдеді.

Шекара дауы Прэахвихеа ғибадатханасы мен оған жақын аумаққа байланысты туындаған.

Бұл мәселе соңғы ғасырда бірнеше рет шиеленіске ұласып, қарулы қақтығыстарға себеп болған.

2025 жылдың мамырында камбоджалық сарбаздың қаза табуынан кейін жағдай ушығып, Таиланд Камбоджаны даулы аумаққа мина орналастырды деп айыптады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар