Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғыздар көкпарды Көшпенділер ойындарының бағдарламасынан алып тастады

13:48, 26 шілде 2025 221
 

Қазақтың көкпары Көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген жоқ. Бұл туралы Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің директоры Айбек Әбдімомынов айтты, деп хабарлайды  Alash.kz порталы Qaz365.kz порталына сілтеп.

Оның айтуынша, алдағы додада тек көкбөрі турнирі өтеді. Бұл жарыс клубтық жүйе форматында ұйымдастырылмақ.

«Біз көкбөрі федерациясымен бірнеше рет бас қосып, жарыстың ережелерін жан-жақты талқыладық. Әсіресе спортшылардың қауіпсіздігі мен қорғаныс құралдарының сапасына баса мән бердік. Қазір жаңа ереже толық дайын, жақын күндері ресми түрде таныстырамыз», – деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, жаңа формат Қырғыз Республикасының Көкбөрі федерациясымен талқыланған.

Бұл спорттың саясилану деңгейін төмендетіп, қатысушылардың ұжымдық жұмысын күшейтеді, - деп есептейді ведомство басшысы.

Еске салайық, былтыр Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасында көкпар мен көкбөрі жарысы қатар өткен. Көкпар сайысында Қазақстан құрамасы топ жарып, бас жүлдені еншілеген. Алайда жарыс біте сала, екінші орынды қанағат тұтқан Қырғызстан спортшылары марапаттау рәсімін күтпестен, мінберден кетіп қалған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар