Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қабақтары ісініп, тыныс алу қиындаған". Ара шаққан 32 жастағы әйел инфарктқа ұшырады

15:54, 26 шілде 2025 261

Башқұртстанда ара шаққан 32 жастағы әйел инфарктқа ұшырады. Бұл туралы Куватов атындағы Республикалық клиникалық аурухананың бас дәрігері өзінің «ВКонтакте» парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды  Alash.kz порталы turkystan.kz-ке сілтеп хабарлайды.

Жәндік шаққаннан кейін әйелде күшті аллергиялық реакция пайда болып, денесінде бөртпе шығып, қабақтары ісініп, тыныс алу қиындаған. Біраз уақыт өткен соң, кеудесі қатты ауыра бастаған.

Оған жергілікті ауруханада алғашқы көмек көрсетіліп, ЭКГ-ден өзгерістер анықталды. Кейін науқас Куватов атындағы РКБ-ға жеткізілді.

Дәрігерлер әйелге жедел түрде тері арқылы өткізілетін транслюминалды тромбоаспирация (ЧТТ) жасады. Бұл процедура кезінде жұқа катетер арқылы коронарлық артериядан ұйыған қан алынып тасталады.

Аллерголог дәрігердің кеңесінен кейін науқас үйіне шығарылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар