Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"200 адам іздеп жатыр". Алматы облысында жоғалған әскери тікұшақтың бөлшектері табылды

16:55, 26 шілде 2025 412

Алматы облысында жоғалған Қарулы күштерге тиесілі ЕС-145 әскери тікұшағын іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды  Alash.kz.

Әуе көлігі Луговойдан ұшып шығып, Отар маңында радардан жоғалған. Бортта үш экипаж мүшесі болған.

Іздеу барысында ТЖМ ғарыштық мониторингі Сорбұлақ көлінің аумағынан майлы дақтарды анықтап, сол маңнан тікұшақтың бөлшектері табылды.

 Іздестіру-құтқару жұмыстарына 200-ге жуық адам, 40 техника, 15 су көлігі, 4 кинологиялық есептоп және 2 тікұшақ жұмылдырылған. Құтқарушылар суасты дрондары мен эхолоттарды пайдаланып, жұмысын тәулік бойы жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар