Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қырғызша ән айтпаса, атақ не үшін берілді?": Димаш өзін сынағандарға жауап берді

09:25, 27 шілде 2025 599
Қырғызстанның "Халық әртісі" атанған Димаш Құдайберген хейтерлердің сынына жауап қайтарды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

Кешелі бері қазақстандық және қырғызстандық әлеуметтік желі қолданушылары Димаш Құдайбергенге берілген "Қырғыз Республикасының Халық әртісі" атағына қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр.

Әсіресе, кейбір қолданушылар оның қырғыз тілінде ән айтпағанын алға тартып, атақтың берілуін орынды санамаған. Ал Димаш бұл сынға сабырмен әрі сәл әзілмен жауап берді.

"Мен хейтерлерді жақсы көремін, тіпті кейде тым ерекше жақсы көремін! Солардың арқасында, шынымды айтсам, мен шабыттанамын. Жалпы, бұл сөздерде біраз шындық бар… Бірақ, мен өзім азды-көпті адекватты адам ретінде, бұл марапаттың тек ән айтқаным үшін немесе жұртшылық мені танитыны үшін ғана берді деп ойламаймын. Ең алдымен, бұл – екі елдің арасындағы достықтың белгісі", – деді ол журналист сұрағына жауап бере отырып.

Әнші сонымен бірге "Сіз үшін Қырғыз Республикасының Халық әртісі деген атақ нені білдіреді?" деген сауалға да жауап берді.

"Осы сәтті пайдалана отырып, Президент Садыр Жапаров мырзаға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Халық арасында: "Әр істің қайыры бар" деген сөз бар (қазақтың мақалы). Кеше маған табысталған марапатты мен Қырғыз халқының Қазақ халқына деген бауырластық құрметінің белгісі ретінде қабылдадым. Сондықтан бұл марапатты тек маған беріп отыр деп айта алмаймын. Баршаңызға қонақжайлылықтарыңыз бен ілтипаттарыңыз үшін, өнерімізге, халқымыздың мәдениетіне деген зор және шынайы сүйіспеншіліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді", – деді Димаш.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар