Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау облысында түйелер белгісіз індеттен қырылып, сұлап жатыр

09:59, 19 шілде 2025 355

Атырау облысында түйелер белгісіз індеттен қырылып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"КТК" телеарнасының жазуынша, маусым айынан бері Құрманғазы ауданында 200-ден астам қос өркешті жануар ауырып, 84–і арам қатқан. Қазір елуден астам ойсылқара тұқымын мал дәрігерлері емдеп жатыр. 

Бірақ ветеринарлар мұның не індет екенін таба алмай жатыр. Ал қорадағы малы қырылып шығынға батқан ауыл тұрғындары үкімет тарапынан  қолдау сұрайды

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар