«Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жылды солай өткізесің» деген сөз қайдан шыққан?

«Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жылды солай өткізесің» деген сөз қайдан шыққан? Cурет: 24.kz

Бұл сіз үшін не - бос ырым, халық мәтелі немесе ұран?


Тарихшылардың пайымдауынша, «Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жылды солай өткізесің» деген мәтел Көне Рим тұсында белгілі болған, сондықтан бұл өте ертеден келе жатқан сөз.


Жаңа жыл – көне заманнан келе жатқан мейрамның бірі. Адамдар уақыт пен өмірдің циклдік өзгерісін түсінгеннен  бері оны тойлай бастаған. Яғни, жаңа уақыттың бастауы, ескіден тазарып, жаңаның келуі, болашаққа деген жаңа жоспарлар мен үміт - мұның барлығы мыңдаған жылдар бойы адамдар өміріндегі маңызды психологиялық сәт болды. 


Уақыттың циклдік өзгерісін және жаңа жылдың басталуын білген ерте заманғы адамдар болашақ бүгінгі күннің жалғасы деп санады. Болашақтан үміт күткен олар қалаған нәрселерін жүзеге асыруға тырысты. Осыдан келіп түрлі ырымдар мен рәсімдер пайда болды.


Өйткені барлығымыз Жаңа жылды жақсы көретін адамдардың ортасында  қарсы алуға тырысамыз. Мол дастархан жайып, көтеріңкі көңіл-күйде болу, мұның барлығы психологиялық тұрғыдан қарағанда алдағы 365 күнге жететіндей қуат алу болып есептеледі. Әрине, біз осы әрекеттермен бейсаналық түрде Әлемге қуаныш, сүйіспеншілік, молшылық және жақсылық туралы хабар жібереміз және ол бізге жүз еселеп қайтады деп ойлаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14