«Титан» батискафын иеленген OceanGate компаниясы барлық әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшірді

«Титан» батискафын иеленген OceanGate компаниясы барлық әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшірді Сурет: Inform.kz

Компания сайтында бұған дейін оның зерттеу және коммерциялық қызметін тоқтатқаны туралы хабарлама жарияланған болатын.


«Титан» батискафын иеленуші OceanGate компаниясы барлық әлеуметтік желідегі парақшаларын өшірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Бұған дейін OceanGate Expeditions компаниясының Facebook, Instagram, Twitter және LinkedIn желілерінде парақшалары болған еді. 14 шілде күні оның бәрі өшірілген.


19 маусым күні «Титаник» кемесі суға батқан аймаққа сапар жасайтын «Титан» сүңгуір аппараты Атлант мұхитында жоғалып кеткен. 


22 маусымда АҚШ-тың Жағалау қызметі жоғалған «Титан» батискафын іздеу аумағында қирандылар табылғанын мәлім етті. Кейін сүңгуір аппараты тиесілі OceanGate компаниясы мәлімдеме жасап, батискафта болған экипаж  қаза болғанын хабарлады.


Батискаф бортында 5 адам болды: 58 жастағы британдық бизнесмен әрі зерттеуші Хэмиш Хардинг, 48 жастағы бизнесмен, пәкістандық Шахзада Давуд пен оның 19 жастағы ұлы Сулеман, OceanGate компаниясының 61 жастағы директоры Стоктон Раш және 77 жастағы француздық зерттеуші Поль-Анри Наржоле.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50