Талғарда әуе шары адамды ұшырып әкетті

Талғарда әуе шары адамды ұшырып әкетті Cурет: Ашық дереккөз

Нұсқаушы «Салдатсай» шатқалынан табылды


Оқыс оқиға 1 қаңтарда Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» тау-шаңғы кешенінде болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 қаңтар күні сағат 16:43-те Алматы облысы ТЖД пультіне Талғар ауданы «Ақбұлақ» тау-шаңғы кешенінде қатты жел мен сақтандыру арқандарының үзілуі салдарынан әуе шарымен ұшқан кезде әуе шарындағы адамды тау жағына ұшырып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.



«Шақырту орнына Талғар қ. 2-МӨСБ-нен (7 қызметкер, 2 бірлік техника) және республикалық жедел-құтқару жасағынан (7 қызметкер, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп) ҚР ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары дереу жұмылдырылды. Ұшып кеткен шардың қоржынында әуе шарларында ұшу жөніндегі нұсқаушы болып шықты»,- делінген ТЖД хабарламасында.



Абырой болғанда басқару және өзін-өзі құтқару дағдыларының арқасында ол шарды  төбеге өздігінен қондыра білген. 



«Талғар қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Салдатсай» шатқалынан нұсқаушыны тауып, оны қауіпсіз жерге жеткізді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,-делінген хабарламада.



Алматы облысының ТЖД азаматтардан барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09