Талапқа сай жабдықталған

 Талапқа сай жабдықталған

Алмалы ауданы



Барлық жерде саяси науқанға дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр деп ойлаймыз. Сондықтан біздің де алдағы өтетін референдумға дайындығымыз жаман емес. №36 Бөлтірік Атыханұлы атындағы гимназияда №86 және №90 сайлау учаскелері орналасқан.


Мен өзім мүшесі болып табылатын №90 сайлау учаскесінде 2570 сайлаушы тіркелген. Олардың ішінде ауруханаларда ем алып немесе үйлерінде науқастанып жатқандар да кездеседі.


Белгілі бір себептермен дауыс беруге келе алмайтындар болады. Мұндай жағдайда біз оларға өзіміз барамыз. Бүгінгі сайлау комиссиясы қызметінің басты бағыттарының бірі – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Өйткені, бұрындары олар үйлерінде дауыс беретін. Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтар өтініш жазғаннан кейін, комиссия мүшелері үйлеріне баратын.


Ал қазір басқаша. Жағдай өзгерген.  Мәселен, бізде ғимаратқа кіре берісте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар бар. Дауыс беруге арналған кабиналары дайын.



Жалпы, сайлау учаскесі орналасқан мектеп ғимараты барлық талапқа сай жабдықталған. Дәлізге кірген бойда қабырғада ілулі тұрған рәміздер еріксіз көзге түседі. Бұл дауыс беруге келген сайлаушының рухын көтеріп, өз елі үшін таңдау жасауына дем беретіндей... Тактильді көрсеткіштер, референдум жайындағы бейнеролик көрсетіліп тұратын мониторлар қойылған.


Қысқасын айтқанда, №90 сайлау учаскесі халықтың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз таңдауын жасауға кедергісіз қол жеткізуіне барлық жағдайлар жасалған.


 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42