Халықаралық теннис федерациясы Ресей мен Беларусьті командалық жарыстан алып тастады

Халықаралық теннис федерациясы Ресей мен Беларусьті командалық жарыстан алып тастады catherineasquithgallery.com

2022 жылғы Кремль кубогы өтпейді


Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Украинадағы соғыс қимылдарына байланысты Ресей мен Беларусьті командалық жарыстардан және ITF мүшелігінен шеттетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Prosports.kz. сілтеме жасап.



«Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Ресейдің Украинаға басып кіруін және Беларусьтің оған көмектесуін айыптайды. Осы елдердегі барлық ITF іс-шараларынан бас тартумен қатар, ITF кеңесі Ресей теннис федерациясы (RTF) мен Беларусь теннис федерациясының (BTF) ITF-ке мүшелігін және келесі ескертуге дейін халықаралық ITF командалық жарыстарына қатысуын дереу тоқтатқанын хабарлайды. ITF Украина теннис федерациясымен тығыз байланыста және Украина халқымен ынтымақтастығын білдіреді», - деп жазады ITF ресми сайты.



Дегенмен, бұл елдердің спортшыларына турларға жеке қатысуға тыйым салынбайды. Тоқтату шексіз уақытқа созылады, бірақ Ресей мен Беларусь жарыстан шығып, ITF 2022 халықаралық командалық жарыстарының барлығына қатысуға құқығы жоқ.


Ресей және Беларусь командалары 2022 жылы келесі жарыстарға қатыса алмайды: Дэвис кубогы және Билли Жан Кинг кубогы, командалар арасындағы әлем чемпионаты (мүгедектер), теннистен Еуропаның жазғы кубогы, командалық әлем чемпионаты (жағажай).





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24