Қазақстанда ауа райына байланысты пойыздар кешігіп жатыр

Қазақстанда ауа райына байланысты пойыздар кешігіп жатыр Сурет:Kt.kz

Вокзалдарда пойыздардың кешігетіні хабарланып отыр. 


Елімізде ауа райының қолайсыздығынан кейбір пойыздар уақытынан кешігіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін теміржол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығына шектеу қойылды», - делінген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарламасында.



Дәл қазір кешігіп жатқан пойыздар:


- № 3/4 және № 9/10 «Астана-Алматы»,


- № 45/46 «Павлодар-Түркістан»,


- № 51/52 «Алматы-Орал»,


- № 65/66 «Астана-Жезқазған»,


- № 71/72 және № 86/85 «Астана-Шымкент»,


- № 73/74 «Алматы-Жезқазған»,


-№ 105/106 «Алматы-Петропавл».


Сондай-ақ, ұлттық компаниядан пойыздардың қозғалыс кестесін қалпына келтіру бойынша қажетті шаралардың қабылданып жатқаны айтылды.



«Вокзалдарда пойыздардың кешігетіні хабарланып отыр. Хабарлама 1433 анықтама қызметі арқылы тәулік бойы беріледі. Егер пойыз 3 сағаттан артық кешіксе жолаушыларға SMS хабарлама жіберіледі», - делінген хабарламада.



Одан бөлек, ресми ақпаратта айтылғандай, пойыз билеттерін кері қайтару жайлы мәліметті +7 (707) 270-36-64 (WhatsApp) нөмірінен білуге болады.



«Кешіккен пойыздың әр сағаты үшін билет құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төленеді. Пойыз 6 сағаттан артық кешіксе, мейрамханада тегін тамақ беріледі. Сол сияқты вокзалдардағы тамақтану орындары мен сауда нүктелерінің, санитарлық аймақтардың (әжетханалардың) үздіксіз жұмыс істеуі бақылауда», - деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47