Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда өсімі 104 млн АҚШ доллардан асқан

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы  сауда өсімі 104 млн АҚШ доллардан асқан Сурет: Elorda.info

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Дорж Баярхуумен кездесу өткізді.


Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму болашағын талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Сұхбаттастар өзара сауда өсімінің оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті, оның көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 104 млн АҚШ доллардан асты.


Қ. Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды сақтаудың және екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастығын белсендірудің маңыздылығын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14