Қалааралық пойыздармен 500-ден астам адам тасымалданды

Қалааралық пойыздармен 500-ден астам адам тасымалданды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Тас жолдардың жабылуына байланысты қалааралық пойыздарымен 500 астам адам тасымалданды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қыс мезгіліндегі қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты биыл 13-14 қаңтар аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 500 астам жолаушыны эвакуациялады. Бұл күндері Астана-Павлодар, Есіл-Атбасар және Көкшетау-Астана учаскелеріндегі тас жолдарында шектеулер енгізілді.


Осыған байланысты жолаушылар келесі пойыздармен тасымалданды:
-«Павлодар-Нұр-Сұлтан-1» бағыты бойынша №7501 пойыз;
-«Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Көкшетау» бағыты бойынша №7507/7508 пойыз;
-«Нұр-Сұлтан-1-Көкшетау» бағыты бойынша №6829/6830 пойыз;
-«Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атбасар» бағыты бойынша №6803/6804 пойыз; 
-«Нұр-Сұлтан-1-Павлодар»бағыты бойынша №7502 пойыз;
-«Нұр-Сұлтан-1 – Ерейментау» бағыты бойынша №6832 пойыз. 


Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтамайды. Теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелері жолаушылардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында қажетті жұмыстарды атқарып жатыр.


«Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтардан ауа райы жағдайларын елеп, өз сапарларын алдын ала жоспарлауды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14