Еуропалық «Diplomatic world» журналы тұтас бір нөмірін Қазақстанға арнады

Еуропалық «Diplomatic world» журналы тұтас бір нөмірін Қазақстанға арнады Cурет: Qazaqstan.tv

Қазақстан мен Еуропалық Одақ қатынасына - 30 жыл.


Басылымның жаңа нөмірі осыған орайластырылды. 102 беттен тұратын журналдың жаңа саны Брюссельде көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Дипломатиялық әлем» журналында Президент Тоқаевтың былтыр Астанада Еуропалық кеңестің төрағасы Шарль Мишельмен кездесуі, Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррельдің Қазақстан жайлы сұхбаты және Рим Папасы Францисктің елордаға сапары туралы кеңінен жазылған. Шетелдік журналистер Қазақстандағы саяси-әлеуметтік реформалар мен елге сырттан инвестиция тартуға басымдық берілгені туралы да кеңінен тоқталған. Сондай-ақ, басылым беттерінде еліміздің көрікті жерлері жайлы мол мағлұмат келтірілген.



«Бұл журнал Еуропалық парламентке, еуропалық комиссияға, барлық елшілік пен бизнес өкілдеріне, шетелдерге таратылады. Қазіргідей қиын кезеңде Еуропа елдері ресурсқа, металлдарға зәру. Ал оның бәрі Қазақстанда бар. Осы журналда Қазақстан мен ЕуроОдақ қатынасының маңызды тұстарын жария етуге тырыстық», - дейді «Дипломатиялық әлем» журналының президенті Барбара Дитрих.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26