Ержан Бабақұмаров жаңа қызметке тағайындалды

Ержан Бабақұмаров жаңа қызметке тағайындалды Сурет: Almaty.tv

Ол Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болды.


Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген. 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Саяси тарих пәнінің оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі.


Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан даму институтының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының директоры лауазымынан бастаған.


1996 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.


1996-2006 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің аға референті, кеңесші, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды.


2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрінің міндетін атқарушы, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі, жауапты хатшысы болды


2008-2012 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.


2012-2016 жылдары - ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК директоры.


2016-2018 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.


2018-2019 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжау орталығының меңгерушісі.


2019 жылғы сәуір-шілде аралығында ҚР Президентінің кеңесшісі болды.


2019 жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін - Алматы қаласы әкімінің орынбасары.


«Құрмет» (2005) және «Парасат» (2017) ордендерімен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24