Данэля дарынын дәлелдеп келеді

Данэля дарынын дәлелдеп келеді Сурет: ашық дереккөз

Данэлия Төлешова тағы да АҚШ жұртшылығын өнерімен тәнті етті


16 жастағы қазақстандық әнші Данэлия Төлешова America' s Got Talent шоуында тағы да өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстандық жас әнші танымал шоудың бірінші кезеңінде голландиялық әнші Arcade Дункана Лоуренстың ағылшын тіліндегі әнін таңдады. Ол әдеттегіше әділқазылар мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Олар орнынан тұрып, қол шапалақтады. Қазылар алқасының құрамында болған актриса әрі тележүргізуші Хайди Клум қазақстандық әншінің өнерін жоғары бағалады.


Сахнаға шыққан Данэлия қазылар мен көрермендерге өзі туралы айтып, танымал шоуға таланты мен қабілетін көрсету үшін тағы келгенін мәлімдеді.


Еске салайық, қазақстандық әнші Данэлия Төлешова 2020 жылы АҚШ-та өткен America' s Got Talent өнер додасына қатысып, ақтық сынына жолдама алған болатын.


Айта кетер болсақ, Данэлия America’s Got Talent шоу жобасында қазылар алқасын таң қалдырған болатын. Оның өнеріне тәнті болған зал тік тұрып, қол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50