Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды Сурет: Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 30 наурызда Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бейсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Өскемен, Семей, Риддер және Атырау қалаларында күтіледі. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.


Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.


Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24