Ауызашардың сәні

Ауызашардың сәні almaty-akshamy.kz

Құрма жемісін кез келген сауда нүктесінен табасыз. Дегенмен, бұл жемістің қадірі Ораза айы кезінде артып, дүкендердің де, дастархан мен ауызашардың да сәніне айналып шыға келеді десек, қателеспеспіз.


Ислам әлемінде құрманың орны ерекше. Ол – Құран аяттарында көп кездесетін жеміс түрі. Сондықтан Оразада мұсылмандар ауызды құрмамен ашуды сүннет деп санайды. Ғалымдар бұл жемістің құрамын зерттеген кезде, көптеген пайдалы заттарды анықтаған.


Құрамында калийдің жоғары болуы себепті қазіргі дәрігерлердің өзі құрманы жүрек қан-тамыр ауруларына пайдалануға кеңес береді. Жүрек аурулары мен талмасының алдын алады. Жүйке жүйесіне де әсер етіп, тыныштандыратын қасиетке ие. Сондай-ақ, құрманың құрамы магнийге өте бай екен. Ал магний адам ағзасында аса қатерлі обыр дертінің пайда болуына тосқауыл қояды.



Құрма – терінің құрғауы, еріннің тілініп кетуі, шаштың түсуі, тырнақтың сынуы секілді жағдайларда да өте пайдалы деседі. Оның құрамында өте көп мөлшерде қант бар екен, яғни 60–65 пайыздай. Бұл барлық жеміспен салыстырғандағы ең үлкен көрсеткіш. Сондықтан тәтті кәмпиттердің орнына құрманы жесеңіз тіпті жақсы. Айтпақшы, Израильде құрма мен алмаға қатар зерттеу жүргізілгенде, алмаға қарағанда құрмада дәрумендердің көптігі дәлелденген.



Құрма сонымен қатар, бауырды токсиндерден тазартады екен. Аш қарынға жесе, ішектегі, бауырдағы құрттарды өлтіруге қауқарлы. Құрманы, әсіресе, экологиясы нашар аудандарда тұратын адамдарға жеуге кеңес беріледі.


Ендеше, құрмадан құр қалмайық. Тұтқан Оразаңыз қабыл болсын!


 Әзірлеген Нұр ЖАМАЛ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02