Алматыдағы көп қабатты үйлердің тұрғындары бюджет қаражаты есебінен қайтарымды негізде күрделі жөндеу жүргізе алады

Алматыдағы көп қабатты үйлердің тұрғындары бюджет қаражаты есебінен қайтарымды негізде күрделі жөндеу жүргізе алады Суретті түсірген Қайрат ҚОНЫСБАЙ

Қалада ТҮКШ жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, оның шеңберінде тұрғындар 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде қайтарымды негізде үйде күрделі жөндеуді жүзеге асыра алады. Бағдарлама операторы – «Алматы тұрғын үй» ЖШС, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Осы бағдарламаны іске асыру барысында 2011-2022 жылдар аралығында 965 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, 907 үйде 1935 лифт ауыстырылды. 2023 жылы 100 КПТҮ-де жөндеу жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының түрлері – шатырды, инженерлік және электр желілерін ауыстыру, кіреберіс пен қасбетті жөндеу.


Өтепов көшесіндегі № 21 тұрғын үй тұрғындары 2022 жылғы 14 маусымда күрделі жөндеу жүргізуге өтінім берді, қазіргі уақытта барлық жұмыстар аяқталды және тұрғындармен қабылданды. Исаев көшесі бойындағы 10 қабатты №15 КПТҮ-де жұмыстар жүргізілуде, мердігерлік ұйым қасбетті жөндеумен айналысуда.


Қаланың тұрғын үй қорында 6285-тен астам лифт пайдаланылуда, оның 386-сы 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді.


Өткен жылы жергілікті бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген қаражат есебінен 170 үйде 358 бірлік лифт жабдығы ауыстырылды. Жұмыстар жедел жүргізілуде. Мысалы, Шашкин көшесіндегі №9А тұрғын үйде жаңа лифт орнату аяқталды, қаражатты кезең-кезеңімен қайтару жүргізілуде: ТҮКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін КПТҮ пәтер иелерінен өтінім 2022 жылғы 28 қаңтарда алынды.


2023 жылы 86 КПТҮ-де 155 бірлік лифт жабдығын ауыстыру жоспарланған. Жаңғыртудың осындай қарқынымен нормативтік мерзімде 25 жыл жұмыс істеген лифтілер саны 2024 жылға қарай айтарлықтай азаятынын атап өту маңызды.


Бағдарламаға қатысу үшін тұрғындар жиналыста тұрғын үйді жөндеу туралы шешім қабылдайды және тұрғындар арасынан жауапты тұлғаларды таңдауды жүзеге асырады. Осыдан кейін басқару органы (МИБ/ПИК) хаттама мен қатысуға өтінімді Бағдарлама операторына Ғабдуллин көшесі, 90 «А» мекенжайы бойынша ұсынады.


Осы құжаттардың негізінде оператор жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және үйді күрделі жөндеуге ақшалай қаражат бөлуге бюджеттік өтінім береді.


Толығырақ кеңес алу үшін Бағдарлама операторына хабарласуға болады: +7 (727) 390-22-09. Сондай-ақ, қосымша ақпаратты «Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ-де Достық даңғылы, 85, 504 кабинет мекенжайы бойынша алуға немесе +7 (727) 225- 14-31 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26