Алматыда жалған хабарландыру берген жігіт ұсталды

Алматыда жалған хабарландыру берген жігіт ұсталды Сурет: Polisia.kz

Ол желіде пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландыру таратқан шымкенттік азамат болып шықты.


Қылмыстық әрекетпен Шымкент қаласының тұрғыны, 25 жастағы Т.есімді азамат айналысқан. Жас жігіт ақпараттық интернет ресурстарды пайдалана отырып, тұрғын үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Шын мәнінде күдіктіде жылжымайтын мүлік болмаған, ол риэлторлық қызметпен айналыспайды. Тергеудің осы кезеңінде оның осыған ұқсас 15 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Біз оның басқа да қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Осыған орай, бұл адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуын сұраймыз: 8-705-555-77-63; 8-778-591-91-35», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.



ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47