Алматыда өзгенің мүлкін алаяқтық жолмен иемденген азамат қолға түсті

Алматыда өзгенің мүлкін алаяқтық жолмен иемденген азамат қолға түсті Сурет: Polisia.kz

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 33 жастағы А. есімді азамат, көшеде өтіп бара жатқан адамдарға жақындап, қоңырау шалып алуын сұраған.


Сенім білдірген азаматтар жас жігіттің өтінішінен бас тартқан жоқ. Қолына телефонды алған жас жігіт қашып кеткен, содан кейін ол оны арзан бағамен қайта сатқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


– Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір оның қатысуымен екі алаяқтық дерегі анықталды. Осы эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша,  яғни алдау және сенімге кіру арқылы бірнеше рет бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.


ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26