Алматыда күн райы күрт суытады

Алматыда күн райы  күрт суытады Сурет: Stan.kz

Алматылықтар назарына!


Алдағы екі тәулік бойы Алматы қаласында қалың қар жауып, ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендеп, аяз болады деп күтілуде. Синоптиктердің болжамы бойынша, одан кейінгі күндері 25 градусқа дейінгі қатты аяз болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасауда, өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.



«Көктайғақтың пайда болуына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арқашықтықты ұлғайтуға кеңес береміз. Ал жаяу жүргіншілердің тротуарлармен жүргенде абай болуларын сұраймыз. Жұмысқа кешігудің алдын алу үшін үйіңізден ертерек әрі жылы киініп шығуға кеңес беріледі.


Құрметті қала тұрғындары! Жол жүргенде абай болып, өмірлеріңізге қауіп төндірмеңіздер», - делінген Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының ескерту хабарламасында. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26