Алматы полициясы есірткі сатушыны қолға түсірді

Алматы полициясы есірткі сатушыны қолға түсірді Сурет: Polisia.kz

Күдіктіні ұстау операциясын қалалық есірткі қылмысымен күресушілер Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді.


Жедел ақпаратқа сәйкес, 23 жастағы туған С.есімді азамат синтетикалық есірткіні зертханада заңсыз өндірумен, сақтаумен, ораумен және сатумен айналысқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Үйді тінту барысында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат табылды және тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, бұл зат мефедрон есірткісі, ол оны жеке жалдамалы үйде өзі жасаған. С.есімді азамат дайын өнімдердерді қала аумағындағы жасырын орындарға қалдырып кеткендігі белгілі болды. Сонымен қатар үйден сұйықтықтары бар пластик канистрлер, пирометр, түрлі колбалар, вакуумдық және электр сорғышы, электронды таразылар, бумалар мен есірткі өндіруге арналған басқа да керек-жарақтар табылды», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47