Алимент төлемей жүрген үш адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Алимент төлемей жүрген үш адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды Cурет: Ашық дереккөз

12 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды



Қостанайды 3 борышкерлер балаларына 6,8 миллион теңге сомасында алимент төлемеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«Мысалы, азамат К. бес жыл бойына үш алимент төлемей, қашып жүрген, оның қарызы 3,8 млн теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеу барысында борышкер кінәсін түсініп, 120 мың теңгені өтеп, ресми түрде жұмысқа орналасып, ай сайын төлем жасап жүр. Тағы бір мысал, 2022 жылдың 6 мамырынан бастап сот төрт жыл бойы қызына алимент төлемей жүрген азамат С-ға қатысты қылмыстық істі қарастырып жатыр. Оның қарызы 1,8 млн теңгені құрады. Борышкер алимент төлемегені үшін қайтадан қылмыстық жауапкершілікке тартылып, зиянды борышкерлер тізіліміне енгізілді»,-делінген Қостанай облысы прокуратурасы таратқан мәліметте.



Қала прокуратурасының бастамасы бойынша жыл басынан бері 28 балаға алимент төлемей жүрген 12 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, сот шешімін орындамағаны үшін 18 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның жетеуі жеті тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынды, қалғандарына жалпы сомасы 170 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, алты борышкер жұмысқа орналастырылып, 18,5 млн теңгеге алимент өндіріп алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37