Әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандықтар үздік үштікке енді

Әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандықтар үздік үштікке енді Cурет: Inform.kz

Құрлықтық додада қазақстандық қыздар екі алтын, екі қола медаль алды


Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы әйелдер күресінен жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Ел құрамасынан 68 келіде Мадина Бақбергенова финалда қырғызстандық Мээрим Жуманазарованы жеңіп, алтыннан алқа тақты. Ал 72 келіде Жәмила Бақбергенова финалда Сумире Ниикураны тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Сондай-ақ қазақстандық спортшылардан Жұлдыз Ешімова (53 келі) және Гүлмарал Еркебаева (76 келі) қола жүлдеге қол созды.
Жалпыкомандалық есепте Жапония (7 алтын, 2 күміс) және Моңғолия (4 күміс, 5 қола) құрамасы алғашқы екі орынға жайғасты.
Күрес түрлерінен (грек-рим, әйелдер күресі, еркін күрес) құрлықтық додаға Азияның 19 елінен спортшылар келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03