Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақстан» телерадиокорпорациясына жаңа басшы келді

17:33, 18 тамыз 2025 298

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы қызметіне Ернұр Бурахан тағайындалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Ернұр Көшерханұлы Бурахан 1981 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Әр жылдары «Qazaqstan» телеарнасында тілші, тележүргізуші, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС директоры қызметтерін атқарды. Соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде болды.

Ал Корпорацияны алты жылдан астам уақыт басқарған белгілі медиаменеджер Ләззат Танысбай өз өтінішімен бүгін қызметін аяқтады. Бүгіннен бастап Ләззат Танысбай отандық «Евразия» Бірінші арнасына» жетекшілік етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар