Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жаман жүріс… Күн сайын түнде жылаймын”. Мереке Қалбаева күйеуі жайлы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

10:15, 18 тамыз 2025 846

Әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, күйеуі екеуінің қарым-қатынасы жайлы ашып айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Отбасымыздағы баланс бұзылғандықтан қазір шулатып жүрміз. Тұрмыс құрғаныма 7,5 жыл болды. Арсен екеуміз үйленген кезде жан-жақтан бізге бәс тіккендер көп болды. Бұлар бір-ақ ай тұрады, Арсен басқа қызға кетіп қалады деген әңгімелер айтылды. Өзімнің туған шешем де: ертең ол басқа қызға кетеді дайын бол, бай керек болса үнемі өз-өзіңе қарап жүр деп үнемі айтып отыратын. Анамның уайымы да сол болды. Шынымен де ол рас нәрсе. Еркек не үшін кетеді? Өйткені әйелдің бір жері дұрыс емес. Қазір отбасымызда реніштер болып жатыр. Менің тарапымнан да, Арсеннің тарапынан да басқа біреумен сөйлесу, жаман жүріс дегендер жоқ. Бізде адалдық бірінші орында тұрады. Бір-бірімізді жақсы көріп, сыйлап тұратынбыз. Гармонияда өмір сүрдік. Бірақ бір жыл бұрын кәсіп бастаймын дедім де сыналдым. Мен үнемі шулатып жүргенді жақсы көремін. Ал Арсен ондай емес, оған тыныштық керек.

Арсеннің жоқтығы қатты байқалып жатыр. Күн сайын түнде жылаймын. Ол негізі алтын адам ғой. Мен ажырасуды елесте де алмаймын, ондай нәрсе болмайтын да шығар. Арсеннің достары да қосылуымызды сұрап жатыр. Себебі біз қызығып қарайтын жұппыз. Кез келген ортада бір-бірімізді сөзсіз түсініп отырамыз. Мен оны идеал көремін, оның мінін мүлде байқамаймын. Уақыты келгенде кешіріп сұрап барамын деп ойлаймын, бірақ әлі дайын емеспін. Эмоциямен көп нәрсені қабылдағаныммен өзімнің, балаларымның өміріне жауапкершілікпен қараймын. Соңы жақсы болады деп ойлаймын", - деді Мереке Қалбаева. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар