Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жалықтырып жіберді, бөпе сияқты көрінді": Танымал актриса күйеуінен бөлек тұрып жатқанын айтты (ВИДЕО)

18:39, 17 тамыз 2025 2083

Танымал актриса әрі блогер Мереке Қалбаева күйеуі туралы көпшілікке белгісіз шындықты жариялады, деп жазады Alash.kz.

Журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында Мереке күйеуі Арсен Акиевке қалай ғашық болғанын баяндады.

"Махаббат деген өте жаман нәрсе. Менде басында бір грамм да сезім болмаған. Егер ешқандай вариант болмаса, тие саламын деген жігіттер болған. Ал мен Арсенге өліп ғашық боп қалдым. Басында маған Арсен бөпе сияқты көрінді, бірақ екі-ақ сағаттың ішінде еркек екенін мойындатып тастады. Өзінің болмысымен, жаратылысымен өзін дәлелдеп тастады", – деді Мереке Қалбаева. 

Сондай-ақ Мереке Қалбаева күйеуі екеуі бөлек тұрып жатқанын айтып өтті.

"Көп досымыз "ажырасып кеттіңдер ме?" деп сұрап жатыр. Әзірше ренжісіп қалдық. Мен өз ойлағанымды істегім келеді. Оған асыққан да, тәуекелге бару да ұнамайды. Мен үнемі тәуекелге бара беремін. Менің асығыстығым, оны жалықтырып жіберді. Ал оның жайбасарлығы мені жалықтырды. Мен айттым ба, сол кезде болу керек. Бұл да менің эгоистігім мен тәкаппарлығым деп ойлаймын", – деп түйіндеді актриса.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар