Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зеленский АҚШ президенті Трамппен кездесер алдында маңызды шешім қабылдады

19:18, 17 тамыз 2025 1178

Киев режимінің басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуден бұрын Брюссельге келді. Ол Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен кездесті, деп жазады Alash.kz.

Кездесуден кейін Зеленский мен фон дер Ляйен Украинаға көмек көрсетуге ниет білдірген мемлекеттердің "Қалауыштар коалициясы" жетекшілерінің онлайн отырысына қатысады.

EADaily мәліметінше, 18 тамызда Трамп пен Зеленский арасындағы келіссөздерге келесі тұлғалар қатысады:

  • Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен;
  • Германия канцлері Фридрих Мерц;
  • Италия премьер-министрі Джорджа Мелони;
  • Финляндия президенті Александр Стубб;
  • Франция президенті Эммануэль Макрон;
  • НАТО Бас хатшысы Марк Рютте;
  • Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар