Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“4 адам қаза тауып, 3 адам жараланған” - Ақтөбе облысында жантүршігерлік апат орын алды

21:08, 15 тамыз 2025 409

Ақтөбе облысында ауыр жүк көлігімен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үшеуі түрлі жарақат алды, деп жазады Alash.kz.

Оқиға 15 тамыз күні сағат 14:00 шамасында Айтекеби ауданының Белькопа ауылы маңында орын алды. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Alphard жеңіл көлігі мен Volvo маркалы жүк көлігі бетпе-бет соқтығысқан.

“ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясының мәліметінше, апат болған жерде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.

— Оқиға орнына жүргізілген тексеріс жолдың асфальтобетон жабынды екенін көрсетті. Көрініс аймағы ашық, жол бөлігі түзу. Бұл учаскеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті белгілер орнатылған, жылдамдық 40 км/сағ дейін шектелген, — деді компания өкілдері.

Сонымен қатар, “ҚазАвтоЖол” жүргізушілерді жылдамдықты қатаң сақтау, рөлде барынша мұқият болу және жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай орындау қажеттігін ескертті.

Апаттың нақты себебі тергеу барысында анықталмақ. Полиция оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар