Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Баланы 10 минут бойы қысып, азаптаған” - Алматылық тәрбиешінің сұмдық әрекеті елді шошытты

18:27, 15 тамыз 2025 186

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты жеке меншік Ahlyak балабақшасының 20 жастағы тәрбиешісін төрт жасар баланы азаптағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Alash.kz. Сонымен бірге, сот шешімімен оған 10 жыл бойы балалармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

Іс 2024 жылдың ақпанында әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан кейін қозғалды. Онда тәрбиешінің баланы шамамен 10 минут бойы қысып тұрғаны байқалады. Баланың ата-анасы бейнебақылау камераларының жазбасын қарап, тағы да бірнеше қатыгездік көріністерін анықтаған.

Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ. Ол баланы буындырмағанын, тек «мұрнын сүрткенін» айтты. Дегенмен, сот оның әрекетін кәмелетке толмағанды азаптау деп таныды.

Сот үкімі жарияланған сәтте тәрбиеші бірден қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар