Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бес жылдан бері ұрса, неге қашып кетпейді?” - Өгей әкесінен қорлық көрген балалардың анасы сұмдық мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

13:25, 15 тамыз 2025 366

Жамбыл облысындағы “өгей әкемізден қорлық көріп, құлдықта болдық” деген ер балалардың анасы сұхбат берді, деп жазады Alash.kz.

Журналист Руслан Өтепбай YouTube желісіндегі арнасы үшін Жамбыл облысына арнайы барып, оқиғаның жай-жапсарын білді. Балалары көмек сұрағаннан кейін күйеуі қамауға алынған әйелге барып, сұхбат құрды. Үш баланың анасының айтуынша, желіде тараған бейнежазба жеткіншектердің фантазиясынан шыққан:

- Егер, бес жылдан бері қорлық көрсе, сол кезде неге қашып кетпейді. Ол ойдан шығарылған. Бәрі - жалған. 

Журналистің күдікті туралы сұраған сұрағына әйел барынша ақтап-жақтап жауап берді. 

-Өгей әкесі намаз оқи ма? Қинап намаз оқытады екен ғой балаға.
- Қинап намаз оқымайды. Ол жоқта да балалар намаз оқиды. - Таспих тартып жатқан кезде қалғып ұйықтап кетсе, қамшымен сабайды екен. 
- Өтірік олар. Қамшымен жай ғана жерді ұрып отырады ұйықтаған кезде. Көздерін ашсын деп.

Руслан Өтепбай бұл оқиғаның соңы немен бітетінін айтып, онда не істейтінін сұрады:

- Күйеуім істі болып кетсе, әрі қарай түбіне жетіп, шығарып алуға тырысамын. 
- Бала қымбат па? Күйеу қымбат па? Қайсысы басым қазір?

- Екеуі де қымбат! Екеуі де басым маған!

Журналист Руслан Өтепбай өгей әкесінен қорлық көрген үш баланың жағдайын білуге барып, жаға ұстап қайтқанын желіде жасырмады:

Бұл келіншектің есімі – Назерке. Алты баланың анасы. Ерсұлтан, Нұрсұлтан, Ерсін дейтін ұлдарымен бірге 2019 жылы Ұзақбай есімді азаматқа тұрмысқа шыққан.

Алайда, осы үш бала өгей әкесінен қорлық көрдік деп, сіз бен бізден көмек сұраған. Ал анасы болса: “Балаларым күйеуіме жала жапты” дейді.

 Ананың көңілі балада ма, әлде “байда” ма? Сіз қалай ойлайсыз?

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар