Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп, азаптап өлтірді деген Айзат Жұманованың қазасы туралы журналист Руслан Өтепбай тың дерек айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Таяуда Айзат Жұманованың өліміне қатысты журналистік зерттеу жасап, Жетісу облысына барып қайтқаным естеріңізде болар.
Бағдарлама барасында марқұмның отбасына қолдау болсын деп өз атымнан заңгер ұсындым.
Күні кеше Арман Шарипов Айзаттың туыстарымен кездесіп, тергеу жұмыстарымен танысып қайтты.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Тергеу аяқталып, іс сотқа өтем дегенше бұл қанды қылмыс біздің назарда болмақ.
Тергеу әділ жүріп, ал сот күдіктіге лайықты жаза тағайындайды деп сенеміз”,- деп жазды Руслан Өтепбай.