Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрлан имам Қазақстан халқына шұғыл үндеу жасады

15:49, 04 тамыз 2025 855

Нұрлан имам Қазақстан халқына шұғыл үндеу жасады, деп жазады Аlash.kz порталы.

Нұрлан Имам әлеуметтік желіде өз атынан таралып жатқан жалған ақпараттарға сенбеуге шақырып, халықты сақ болуға үндеді.

“Құрметті Қазақ елі! Әзірде ғана келіп жеткен ақпарат яғни ҚМДБ-ң ресми өкілі ретінде менің аты - жөнімді жамылған алаяқтар Telegram желісі арқылы барша мұсылман қауымына 1 000 000 теңгелік грант төлемін төлеу бағдарламасын еліміздің әрбір өңіріне жариялап, мүшелікке тіркеу үшін жеке дерек көздерін талап етіп бастапты. Қазір тегін жатқан дүние жоқ, ешкімге ешқандай дерек бермеңіздер, баршаңызды мұндай ақпарат көздеріне сенбеуге, алданып қалмауға шақырамын. Алдағы уақытта осы тұрғыдағы күмәнді ақпараттар алдарыңыздан шығып жатса, бірден Muftyat.kz немесе @nurlanimam.kz яғни өзіме тікелей хабарға шығуларыңызды сұраймын. Осыған барынша репост жасап, бір - бірімізді сақтандырып жүрейік. Ақпаратты анықтау үшін, Қостанай қаласынан “Ырыскелді қажы” мешітіне хабарласып, жалғанды хабардар еткен бауырымызға Алла разы болсын!”,- деп жазды Нұрлан Имам. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар