Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға”. Ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті

08:54, 04 тамыз 2025 634

Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаев 75 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. 

– Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар