ҚР Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев пара алу күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Көлік вице-министрін пара алу күдігі бойынша ұстады. Сот санкциясымен ол қамауға алынды», – делінген хабарламада.
ҰҚК хабарлауынша, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ақпарат кеңістігінде көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Сәтжан Аблалиев бұл қызметке 2023 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.