Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оның өмірден өткеніне сене алмастай қиын жағдайдамын": Дикий Арманның әйелі тосын мәлімдеме жасады

12:39, 14 тамыз 2025 584
 

Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевтің әйелі желіде жазба жариялады,- деп жазады Alash.KZ. 

Жуырда Дикий Арманның анасы дүниеден озған еді. 

"Мына видеода апам, Арманым және Мариям Медина қызым төртеуіміз. Бұл - менің ең сүйікті видеоларымның бірі. Бұл жерде біз өте бақытты едік. Үлкен үй сатып аламыз, сол жерде қызымызды бірге өсіреміз деп армандаушы едік. Алла бізге аз сынақ бермеді. Енемді қатты жақсы көрдім. Енем менің қорғаным еді. Қиын сәттегі қолдаушым еді. Оның өмірден өткеніне сене алмастай қиын жағдайдамын. Оны төсегіне келіп, бұрынғыдай құшақтай алмаймын. Ол бұрынғыдай Мариям екеуімізді күтіп алмайды. Енемнің денесін өзім жудым. Жас сәбидей иісі аңқып тұрды. Жұма күні кетті. Ол шейіт болды деп үміттенемін", – деп жазды ол.

Айта кетейік, Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Қаңтар оқиғасы бойынша Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар