Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жағдай өте ауыр" - Шавкат Рахмонов әйелінің жағдайынан кейін октагонға орала ма?

13:24, 14 тамыз 2025 285

UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың бас бапкері Эдуард Базров спортшының жағдайы мен қайғылы жол апатынан кейін октагонға қайта оралуға дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Alash.KZ.

«Шавкатқа қатысты жағдай бойынша нақты ештеңе айта алмаймын. Бір ғана нәрсені айта аламын – Шавкат жаттығу жасап жүр. Әрине, жағдай өте ауыр... Психологиялық тұрғыда да өзіңді жұмысқа бейімдеу қиын. Бірақ Шавкат – мінезді жігіт. Ол келеді, қолынан келгенше жаттығып жүр. Алдағыны болжап айта алмаймын. Мұндай жағдайда әр адам әртүрлі әрекет етуі мүмкін. Бірақ қазіргі жағдайды айтып отырмын. Ол жаттығуын жалғастырып жатыр. Ал болашақты бір Алла ғана біледі», – деді бапкер.

Қайғылы оқиға 27 шілде күні Алматы – Екатеринбург трассасында болған. Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, көліктердің бірін спортшының жұбайы Гүлайым Рахмонова жүргізген. Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Гүлайым Рахмонованың іс бойынша куәгер мәртебесінде екенін нақтылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар