Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Менің қызым болшы": Гүлзира Айдарбекова Бүркіттің қарындасына қымбат сыйлық жасады (ВИДЕО)

12:12, 13 тамыз 2025 374

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова актриса Әсел Асқарға ерекше сыйлық жасады, деп жазады Alash.kz.

Блогер, актриса Әсел Асқар Instagram желісіндегі ресми парақшасында продюсер Гүлзира Айдарбековамен ерекше видео жариялады.

"Кешкі сағат алты. Жұмыс нөміріме қоңырау түсті, тұтқаны көтерсем Гүлзира ханым екен. Қуанып кеттім. "Әсел сен қазіргі таңда мықты блогерсің, сені маған жобамның продюсері мақтап жатыр, мені сәл қолдап жіберіп, видеома түсіп бере қойшы" деді. Әлбетте деп дереу келістім. Гүлзира ханым өзі еңбекқор адам болған соң, менің жұмысымды құнсыздандырмай, бағамды сұрады. Мен сізден ақша алмаймын, сізді біз отбасымызбен сыйлаймыз дедім. 
Рақметіңізді айтып, батаңызды беріп, риза болсаңыз, сол да жеткілікті дедім.

Түсірілім күні. Мен өз басым жұмысыма, берген сөзіме нық тұратын адаммын. Бізді солай тәрбиеледі. Қайта жұмысымызды адалынан жасайтынымздың дәлелі. Белгіленген уақытынан ерте барып, Гүлзира ханыммен шай ішіп, сәл сырласып, жаңа бастамасын қолдап қайтамын ба десем, түсірілім барысында маған гауһартаспен жабдықталған бұйымын берген кезде сасқалақтап қалыппын… Шыны керек, қатты ұялдым, алтын немесе басқа да сыйлаққа дәмететіндей адам емеспін. Бізде бәрі шын жүректен, от души болады ғой. Гүл апшемнің қолын қайтармадым. Мәселе алтында емес, оның бағасында емес, мәселе сыйластықта, таза ниетте боп тұр ғой. Бұл да екінің біріне бұйыра бермейтін нәрсе негізі. Адамның күні адаммен демекші", – деп жазды Әсел Асқар.

Гүлзира Айдарбекова сыйлығын табыстап жатып, өзінің тілегін жеткізді.

"Таза бриллиант саған. Менің қызым болшы деп қояйын. Табысты бол. Әр жұмысың берекелі болсын", – деді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, Әсел Асқар – танымал әнші Бүркіттің туған қарындасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар