Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Трамп пен Путин Украинасыз ештеңе шешпейді": Зеленский сес көрсетіп, ашық қарсылық танытты

11:21, 13 тамыз 2025 475

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ презиленті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қатысты бірде-бір шешімді оның қатысуынсыз қабылдай алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы мемлекет басшысының сөзін "Украин жастары форумы – 2025" іс-шарасында "Мы Украина" медиа ресурсы таратты, деп жазады Alash.kz.

"Келіссөздер, қай жағдайда да, көшбасшылар деңгейінде маңызды. Бірақ Украина жайлы Украинанысыз айту мүмкін емес және ешкім оны қабылдамайды. Сондықтан біз АҚШ президентін, Америка Құрама Штаттарын қолдаймыз. Ал Путиннің әңгімесі, әрине, олардың екіжақты қарым-қатынасы үшін маңызды болуы мүмкін. Бірақ Украинасыз олар ештеңе шеше алмайды. Мен АҚШ президенті мұны түсінеді деп сенемін", – деді Зеленский.

Мемлекет басшысы сондай-ақ өзі, Трамп және Путин қатысатын "міндетті түрде" үшжақты кездесу өткізетінін айтты, бірақ мұндай келіссөздердің нақты күні әлі белгісіз екенін жеткізді.

"Егер біз соғысты аяқтағымыз келсе, кездесуіміз керек. Ол жерде түрлі мәселелер көтеріледі. Шындықтың жағында тұру, өз шындығыңды қорғау және бұл соғысты аяқтау үшін барлығын жасау керек, – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар