Шымкентте 39 жастағы полиция полковнигі Құрманбек Саховтың атына жазылған зәулім коттедж жұртшылықтың қызу талқысына түсті, деп жазады Alash.kz.
Сахов бүкіл мансабын тек ІІМ жүйесінде өткізген. Ал оның туыстарының атына тіркелген ресми табыс жоқ.
Журналист Наталья Садықова жүргізген зерттеуде дендропарк маңында орналасқан қымбат үйдің ішкі көрінісі, италиялық жиһаздар, мәрмәрмен қапталған интерьер, бассейн және люкс санатындағы көліктер көрсетілген.
Бұл мәліметтер қоғамда “Осындай байлыққа тек полицей жалақысымен қол жеткізу мүмкін бе?” деген күмәнді сауал туғызды. Желі қолданушыларының арасында полковникті қолдап жатқандар да аз емес.
Ужас, осылар ақшаны қайдан табады?
Құрманбек - таза, адал, білімді жігіт. Бұл - біреудің тапсырысы! Елдің қамын ойлайтын бір ұл туса, оны қабатын он ит қатар туады.