Жетісу облысында 32 жастағы Айзат Жұманованы аяусыздықпен сүйреп өлтірген күйеуі қамауға алынды, деп жазады Alash.kz.
Қайғылы оқиға Айзаттың қызының көзінше өрбіген. Ерлі-зайыпты әлдене келісе алмай қалған. Артынша, күші басым ер адам әйелін адам шошырлық әрекетпен өлтірген.
"Ескі өлім салттары секілді оны байлап сүйреп жүрген. Денесінің сау-тамтығы қалмады" дейді, марқұмның анасы Салтанат Жұманова.
Жантүршігерлік оқиғадан кейін Айзаттың басы қанталап, қол-аяғының терісі сыдырылып, беті көгеріп кеткен. Туыстарының сөзінше, мәйіттің ашқанда бет-аузы қап-қара болып, терісі білінбеген. Сондай-ақ, бас сүйегі мен сол жақ бет сүйегі сынғаны белгілі болды.
«Шашы түгел су болған, басы қоқымға толып қалған», – дейді туыстары.
Қайғыдан қан жұтқан отбасы күдіктінің әділ жазалануын талап етуде. Олар істің жеңіл баппен тергеліп жатқанына наразы, себебі бұл қылмыскердің жазадан құтылып кетуіне жол ашуы мүмкін деп алаңдап отыр.