Агрессияға бой алдырған Қырғызстандық жігіт балалар мекемесіне шабуылдап, елді дүрліктірді, деп хабарлайды Alash.kz.
17 шілде күні Бішкектегі 12-шағын ауданда белгісіз ер адам балалар мекемесіне келіп, балағат сөздер айтып, кіреберіс есіктің әйнегін сындырған. Ойран салып болған соң, оқиға орнынан қашып кеткен.
Аталған факті бойынша Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті — 2001 жылы туған И.Б. — ұсталып, Бішкек қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құқық бұзушылықтың мотиві әзірге белгісіз. Желі қолданушылары бұзақылық жасап, жас бүлдіршіндердің есін алған жігіттің қатаң жазалануын талап етуде.