Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жүрегі – қалқан, даусы – семсер": Димаш Құдайберген жаңа бейнесімен жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

17:01, 16 шілде 2025 446

Танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше бейнедегі видеоны жариялап, жанкүйерлерін таңғалдырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл жолы ол тарихи батырдың бейнесінде – үстінде жауынгерлік киім, қолында қылыш. Видеоға “Түсірілімнен сәлем!” деген қысқа жазба қалдырған.

Димаштың бұл жаңа бейнесі желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық туғызды. Әлемнің түкпір-түкпірінен пікірлер жазған тыңдармандар оның батыр ретіндегі образына ерекше әсерленген.

Желі қолданушылары келесідей пікірлерін білдірді:

"Бұл әскери фильм түсірілімі ме? Керемет көрінеді!"
"Димаш, сені бастапқыда танымай қалдым! Қызық кадр екен"
"Қазақ ері! Жүрегі – қалқан, даусы – семсер!"
"Нағыз жауынгер! Киімі де, қылышы да жарасып тұр"
"Не түсіріп жатқаның қызық боп тұр. Күтеміз!"
"Самурай сияқты! От шашып тұр!"

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар