Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әйелі мен енесін өлтірген, балаларына қол көтерген": Қостанайда ер адам өз отбасының тас-талқанын шығарды

11:08, 16 шілде 2025 463

Қостанай облысының Қарабалық ауданында адам шошырлық оқиға орын алды. 45 жастағы ер адам өз әйелін және енесін өлтіріп, балаларына да қол көтерген, деп хабарлайды Alash.kz.

Ресми мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға 15 шілде күні кешке болған. Күдікті ұсталды. Оны іздестіру үшін полицейлер арнайы бағдар таратқан.

HALYQSTAN тілшісіне жергілікті тұрғындар күдіктінің қылмыс болған үйге жақын маңдағы сарайдан табылғанын айтқан. Оның үстінен жарақаттар табылып, өз-өзіне қол салмақ болған болуы мүмкін деген болжам бар.

Болжам бойынша, күдікті бұрын отбасы мүшелерінен бөлек тұрған. Қылмысқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Белгілі болғандай, ер адам 10 жастағы ұлын жаралаған. Ал жасөспірім қызы қашып құтылып, аман қалған. Екі бала да оқиға орнынан жүгіріп шығып үлгерген.

Тергеу жалғасуда. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиға елді есеңгіретіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар