Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жауапкершілік алудан қорқады": Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын сынап тастады

12:51, 10 қыркүйек 2025 265

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектепте оқушылардың телефонды қолдануына байланысты өз ой-пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz.

Асхат Аймағамбетов Instagram желісіндегі ресми парақшасында мектепте телефонды қолдануды шектеу қажет екенін айтты.

"Үндістанда жүргізілген зерттеу The Economist журналында жарияланып, мектептерде ұялы телефондарды шектеу қажет екендігін дәлелдейтін салмақты уәждер келтіреді. Бұл – рандомизацияланған (RCT) зерттеу: кейбір аудиторияларда телефон қолдануға тыйым салынып, кейін осы топтардың оқу үлгерімі бақылау тобымен салыстырылған. Нәтижесінде, әсіресе оқу үлгерімі төмен студенттердің білім сапасы артқаны байқалған. Тағы бір қызығы – тіпті назарды алатын факторлардың аз ғана қысқаруының өзі "орташа мұғалімді" "өте жақсы мұғаліммен" ауыстырғандай әсер еткені анықталған.

Ұқсас қорытындылар Норвегия мен Британияда да тіркелген.

Бізде де бұл мәселе қызу талқыланып жатыр. Белсенді және батыл мектеп директорлары мұндай шешімдерді өз бетінше қабылдап жатыр: мысалы, НЗМ (НИШ) мұндай қадамға барды. Алайда, көпшілік мектеп директорлары әлі де жауапкершілікті өз мойнына алудан қорқады", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар