Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алкоголь ішкен”. Алматыда көшеде құлап жатқан жасөспірімдер көпті шошытты (ВИДЕО)

12:41, 28 шілде 2025 554

Алматының Арбатында масаң күйде жатқан жасөспірімдер жұртты шошытты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға сенбі күні Алматы қаласының Медеу ауданында болған.

Kazinform.kz хабарлауынша, тәртіп сақшылары масаң күйінде жүрген кәмелетке толмаған 5 жасөспірімді анықтап, оларға дер медициналық көмек көрсетілген.

Қоғамдық орында мас күйінде жүру және ата-ана ретінде міндеттерін орындамау деректері бойынша жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдеріне қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің қалай алкоголь тұтынғаны, кіммен бірге болғаны және спирттік ішімдікті қайдан алғаны анықталып жатыр, — деп хабарлады департаменттен.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар