Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алкоголь ішіп, аңшы мылтығын алып шыққан”. Берденовке оқ атқан экс-басшы жайлы сұмдық дерек шықты

15:21, 28 шілде 2025 790

Бүгінгі сот отырысында Руслан Берденовке жасалған қастандықтың себебі айтылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Tengrinews.kz таратқан ақпаратқа сәйкес прокурордың бүгінгі мәлімдемесі бойынша:

 • 21 сәуір күні айыпталушы Ернар Жиенбай Шымкент қаласы құрылыс басқармасындағы нысандарды бақылау бөлімінің басшысынан қызметінен кетуі керектігі туралы хабар алған. Ол бұл шешім қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің тапсырмасымен қабылданғанын жеткізген. Жиенбай “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС басшысы қызметінен өз еркімен кетуге мәжбүр болған.

 • Айыптау тарабының дерегінше, осы жаңалықтан кейін Жиенбай қатты күйзеліске түсіп, дүкеннен алкоголь алып, оны көлігінде ішкен. Содан кейін үйіне барып, аңшы мылтығын алып шыққан.

 • Кешкісін ол әкімдік ғимаратына барып, әкімнің орынбасарын тосып тұрған. Берденовті көрген сәтте оған бес рет оқ атқан. Шенеунік құлағаннан кейін Жиенбай оған жақындап, соңғы, яғни бақылау оқ атуға ниеттенген.

 • Алайда жарақат алғанына қарамастан, Руслан Берденов қарсы әрекет еткен. Осы сәтте оның жүргізушісі араласып, көлігімен шабуылдаушыны қағып, жағдайды бақылауға алған.

Аталған іс бойынша басты сот отырысы 6 тамызға белгіленді. Бұл күні сотқа Руслан Берденовтің өзі де қатысуы тиіс. Бүгін ол сотқа келген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар