Жазушы, драматург Дулат Исабеков Kultobe podcast youtube-арнасына берген сұхбатында экс-президент туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, экс-президент билікте болған кезде жазушылармен жиі байланыста болған.
«Нұрекеңнің (Назарбаевтың - ред.) бір жақсы жері - әдебиетті білетін, көп шығармаларды оқитын, өзіндік пікірі болатын. Бізді қабылдаған кезде де әдеби процестің ішіне кіріп сөйлесетін. Қазір жазушылар тоқырап қалды. Ешкімнің билікпен шаруасы жоқ, биліктің жазушылармен шаруасы жоқ», - деді ол.
Сондай-ақ, ол Назарбаевтың жағымды-жағымсыз жақтарын айтып, ойын айтты.
«Назарбаевтың қалай болғанда да екіжақты мінезі бар. Жақсылығы - шекарамызды бекітті. Енді оны ешкім бұза алмайды, бұзса соғыс болады. Бірақ Қазақстанның көп байлығын иемденіп кетті деген қауесет бар. Соны жұрттар көп айтады. 200 млрд доллар ақшасы бар деп естідім. Қазақстанның бір жылдық бюджеті 4 млрд доллар. Еліміздің жарты байлығы демек біздің бұрынғы президентімізде. Бұл рас болса, әрине кешірілмейтін күнә. Өзім бұл қауесетке сенгім келмейді. Бір адам Қазақстанның жарты байлығын не істей алады? Бұл жөнінде Назарбаев екеуміз билікте отырған кезінде сөйлестік. Екінші рет Лондонға баратын кезде тағы да сөйлестік. «Басқалар Қазақстанның байлығын алып, шетелге қашып жатыр. Қолымда 100 млн доллар болса, қайда құртарымды білмес едім» деген едім. «Менде де 100 млн доллар бар» деді. «Көп болса 30 жыл ғұмырың қалды, 100 млн долларды жаратып үлгере алмайсың», деп айтқанмын. Өзім тойымсыздықты түсінбеймін. Түбімізге қанағатсыздық жететін болды. Жап-жақсы жігіттердің билікке барғаннан соң 5-6 жылдан кейін қылмыстық іспен ұсталғанын көресің», - деді ол.
"100 млн долларды жаратып үлгере алмайсың" дедім: Жазушы Дулат Исабеков Назарбаевқа қатысты пікір білдірді

Көптен көрінбей кеткен Амантай қажы әйел адамды ұрып, баспалдақтан құлатып кеткен (ВИДЕО)
14:49, 16 шілде 2025 55
"Мамам сияқты ұрсады": Айгүл Иманбаеваның экс-күйеуі шындықты айтты (ВИДЕО)
14:13, 16 шілде 2025 652
"Жүрегім ауырып тұр": "Абайды келемеждеді" деген сынға ілінген журналист кешірім сұрады
13:19, 16 шілде 2025 369
"Қатты қызғандым": Төрт баласын суға тастаған әйел сұмдық оқиғаны айтып берді
11:37, 16 шілде 2025 588
"Қаза болғандардың ішінде 2 жасар сәби бар": Қостанайда бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты
10:46, 16 шілде 2025 246
"Көп табыс тапқанын көре алмады": Үндістанда әкесі туған қызын атып өлтірді
09:29, 16 шілде 2025 233
“Жасы 21-де”. Ыстықкөлде суға батып кеткен Қазақстандық боксшы жайлы тың дерек шықты
22:00, 15 шілде 2025 485
“Өте наразымын, 50 күн уақыт беремін”. Трамп Ресей билігіне сес көрсетіп, шұғыл мәлімдеме жасады
21:00, 15 шілде 2025 694
“Қазақстан медицинасының аңызы”. Белгілі акушер-гинеколог Нина Каюпова өмірден өтті
19:21, 15 шілде 2025 591
“Қателік жасауыма жол бермей, қолдады”. Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі туралы шындықты айтты
17:30, 15 шілде 2025 917
“Күтіңіздер”. Руслан Өтепбай ел естімеген қуанышты жаңалығын жария етті (ВИДЕО)
16:09, 15 шілде 2025 2104
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов басшылық қызметке тағайындалды
15:14, 15 шілде 2025 559
“Бізге ештеңе болмайды деп ойлау - қате”. Сарапшы Трамп Қазақстанға ескерту жасағанын айтты (ВИДЕО)
13:00, 15 шілде 2025 2004
“Мен де күтпедім. Тұрсыкеңнің өзінен сұраңыздар”. Мөлдір Мұқан мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
12:00, 15 шілде 2025 1586
“Сынақтан өттім. Шаш та ағарды, жүйке де жұқарды”. Дана Нұржігіт ешкімге айтпаған сырын ашты
10:50, 15 шілде 2025 820
“Халыққа шындықты жеткіз”. Айтыскер ақын Назарбаев жайлы ел естімеген естелігін бөлісті
10:00, 15 шілде 2025 4411
“Сүйінші! Алланың қалауымен”. Елдос Колобок ел естімеген қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
08:51, 15 шілде 2025 384